Қытай мен Оңтүстік Корея Орталық Азияның климаттық жобаларына 5 млн доллар бөлмек

224

Бұл туралы Азия даму банкі Орталық және Батыс Азия департаментінің өңірлік серіктестік және интеграция жөніндегі басшысы Ләзиза Сабырова мәлім етті. 

Қытай мен Оңтүстік Корея Орталық Азияның климаттық жобаларына 5 млн доллар бөлмек Фото: eastrussia

Қытай мен Оңтүстік Корея Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына мүше 10 мемлекеттің климаттық жобаларына 5 млн доллар бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз жаңа траст қорын (көпжақты мақсаттағы донорлық қор) құру туралы келісімге қол қойдық. Ол қор климат өзгерістерін тежеуге арналған жобалардың техникалық-экономикалық зерттеулерін қаржыландыруға көмектеседі. Біздің Қытай және Оңтүстік Корея сияқты донорларымыз осы қорды құруға бастапқы ақшаны салды. Қазақстан Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына мүше ел ретінде осы қордың ақшасын өңірлік жобаларды дайындауға жұмсай алады. Донорлық қордың аясында Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына 5 млн доллар бөлінді. Ал сол қаражатқа әзірленген жобалардың негізгі бюджеті бірнеше миллионға жетуі мүмкін", - деді Азия даму банкінің өкілі.

Халықаралық қажы институтының өкілі қор қаражатына әзірленетін жобалар бірнеше өлшемшарт бойынша іріктелетінін айтады.

"Бізде ОАӨЭЫ елдерінен жинақталған ұсыныстар тізімі бар. Оларды іріктеудің өлшемшарты да бар. Соның ішінде ең маңызды екі өлшемшартты айтуға болады. Біріншісі – жоба өңірлік ауқымды қамту керек. Екіншісі – жоба климаттың өзгеруіне арналғаны керек. Жасыл дәліз, көмірсутексіздендіру бағыттарына қамту керек. Жобаларды әрі қарай не Азия даму банкі, не өзге серіктестер қаржыландырады", - деді Ләзиза Сабырова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу