Қытайда дауға қалған блогер енді өзбек жігіттерінің қолын ұстағаны үшін полицияға жеткізілді

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті ресми парақшасына жариялады.   

Қытайда дауға қалған блогер енді өзбек жігіттерінің қолын ұстағаны үшін полицияға жеткізілді Фото: Inbusiness.kz

Полиция қызметкерлері қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеру жүргізген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді.

Аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады.

Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады, – делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Полиция қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске сала кетті.

Бұған дейін "Қытайда басы дауға қалған қазақ пранкері енді Өзбекстанды дүрліктірді" деген тақырыпта материал жариялаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу