Қытай мен Палестина қақтығыс аймағындағы жағдай бойынша кеңесті

771

Қытай гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. 

Қытай мен Палестина қақтығыс аймағындағы жағдай бойынша кеңесті Фото: China Briefing

Қытай үкіметінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Чжай Цзюнь мен Палестина Сыртқы істер министрінің орынбасары Амал Джаду телефон арқылы Палестина-Израиль қақтығысы аймағында қалыптасқан жағдай бойынша кеңесті. Бұл туралы ҚХР СІМ хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Қытай өкілінің айтуынша, ҚХР атыс пен зорлық-зомбылықты тоқтатуға жәрдемдесуді жалғастырады және гуманитарлық дағдарысты реттеуге жәрдемдесуге, бейбіт келіссөздерге көмектесуге дайын.

Ол Бейжің Палестина мәселесін жан-жақты және әділ шешуге ұмтылып, "екі мемлекет екі халық үшін" қағидатын сақтаудың маңыздылығын еске салып, бейбіт тұрғындарды қорғау қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде Амал Джаду Палестина Қытайға сенетінін және Бейжің Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне қарсы сындарлы рөл атқарады деп үміттенетінін айтты. Оның айтуынша, атысты тоқтату және бейбіт диалогты қалпына келтіру үшін халықаралық қоғамдастықтың көмегі қазір ауадай қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу