Қытай мен Ресей Италиядағы G7 елдері кездесуінің негізгі тақырыбы болады

184

Үлкен жетілікке кіретін елдердің қаржы министрлері мен Орталық банк басшылары Италияның солтүстігіндегі Стреза жағалауындағы қалада 25-26 мамырда жиналады. 

Қытай мен Ресей Италиядағы G7 елдері кездесуінің негізгі тақырыбы болады Фото: rbc.ua.com

G7 қаржы басшылары бұғатталған ресейлік активтер мен қытайлық күн тәртібі бойынша біртұтас ұстанымға келмек, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Осы аптада Италияда өткен G7 қаржы басшыларының кездесуінде украин әскеріне көмектесу үшін Ресейдің мұздатылған активтерін қалай пайдалану керектігі және Қытайдың негізгі нарықтардағы экспорттық күшінің өсуімен қалай күресу керектігі туралы ортақ шешім қабылданады.

Үлкен жетілікке кіретін елдердің — АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада қаржы министрлері мен Орталық банк басшылары Италияның солтүстігіндегі Стреза жағалауындағы қалада жұма мен сенбіде, 25-26 мамырда жиналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу