Қытай мен Ресей Қазақстанға ұсыныс тастады

965

Қытай мен Ресей Қазақстанға ұсыныс тастады

Конькимен жүгіруден Қытай және Ресей спортшылары Қазақстандағы әріптестеріне матчтық кездесу форматындағы турнирлер сериясын өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды olympic.kz.

Жыл сайын өтетін жарысқа жасөспірімдер мен жастар қатысуға тиіс. Турнирдің атауы да таңдалды: "Ұлы Жібек жолы". 

Қазақстан конькимен жүгіру федерациясы өкілдерінің айтуынша, аталған формат бұрын өте танымал болған. "Медеу" айдынында КСРО, ГДР, Норвегия құрамаларының матчтық кездесуі жүйелі түрде өтіп тұрған. Мәдени және спорттық шараларды жаңғырту 2018/2019 жылғы маусымның соңына жоспарлануда. Алғашқы жарысты Челябинск, екіншісін Астана қабылдайды. Ал соңғы кездесу Қытай қалаларының бірінде өтпекші. 

Әрбір кезеңде командалық есептегі жеңімпазды анықтау ұсынылуда. Жарыс бағдарламасына жеке қашықтықтардан бөлек, командалық спринт пен командалық жарыс енуі мүмкін.

Бұл формат екі себеп бойынша қызықты. Конькимен жарысуда қандай да бір жаңа турнир өткізу  - көп кездесе бермейтін оқиға. Екінші себебі – ұсынылған жас деңгейі. Астана өз спортшыларын 2020 жылы өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына дайындауды бастады. Дайындық кезінде жарыстың көп өтуі спортшыларға қосымша күш берері сөзсіз. 

Айта кетейік, Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында қазақстандық спортшылар төрт жүлде жеңіп алды. Төрт жүлденің үшеуін конькиге қатысы бар спортшылар иеленген болатын. Элизабет Тұрсынбаев мәнерлеп сырғанаудан қола медаль иеленсе, шорт-трек пен конькиден аралас командалық жарыста спортшыларымыз жүлдеге қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу