Қытай мен Тәжікстан Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруды қолдады

239

Жұма күні Қытай мен Тәжікстан бірлескен мәлімдемесінде Ауғанстанда барлық этникалық, діни және саяси топтардың өкілдерінің қатысуымен инклюзивті үкімет құруды қолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай мен Тәжікстан Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруды қолдады Фото: Freepik

Бірлескен құжат мәтінінде айтылғандай, тараптар терроризмнен, соғыстан және есірткіден таза, барлық көршілерімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, инклюзивті және бейбіт Ауғанстанның ауған халқының және барлық елдің ортақ мүддесіне жауап беретінін тағы да атап өтті.

Бірлескен мәлімдеме ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Тәжікстанға мемлекеттік сапары барысында жарияланғаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу