Қытай мен Үндістан арасы ушығып барады

505

Үндістан тілшісі Қытайдан шығарылады.  

Қытай мен Үндістан арасы ушығып барады Фото: Ашық дереккөзден

Соңғы аптада Қытай мен Үндістан тілшілерді елден шығарып жатыр. Алдымен, Нью-Дели Қытай орталық теларнасы мен Синьхуа агенттігінің тілшілеріне виза мерзімін ұзартудан бас тартты. Жауап ретінде Бейжің елдегі жалғыз үнді тілшісінің аккредитациясының күшін жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Айта кету керек, 60-жылдардың басында қос ел Гималайдағы даулы жер үшін соғысқан. Ал 2020 жылы шекарасында қайта қақтығыс болып, 24 адам қаза тапқан еді.

"Ұзаққа созылған Үндістан жағынан негізсіз қысымға ұшырағаннан кейін, қытайлық ақпарат құралдарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жауап шаралар қабылдаудан басқа амалымыз қалған жоқ.  Алайда Қытай бұрынғыша Үндістанмен өзара сыйластық пен теңдік негізінде байланысты сақтап қалуға дайын екенін ерекше айтқым келеді", - деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу