Қытай мешіттерді мемлекеттік ту ілуге міндеттеді

759

Қытай мешіттерді мемлекеттік ту ілуге міндеттеді

Қытайдағы ислам қауымдастығы жергілікті мұсылман жамағатын ел аумағындағы барлық мешітке Қытай халық республикасының мемлекеттік туын ілуге және "ұлтты ұйыстыру" үшін социализмнің негіз қалаушы принциптерін зерделеуге шақырды, деп хабарлайды islam.kz.

Аталған қауымдастықтың ресми сайтында жарияланған үндеуде, сондай-ақ, ел конституциясын және қытайдың дәстүрлі мәдениетін үйренуге шақырды.

Үндеуді жариялағандар бұл шараның қытай қоғамына сіңісу үшін қолға алынып жатқанын әрі діни рәсімдер қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуі керектігін жеткізіпті.

Осылайша, қытай билігі экстермизм мен терроризмді әрі социализм идеясын желеу етіп, азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстарды қытайландыру саясатын мықтап қолға алды.

Қытайдың Global Times мерзімді басылымы таратқан хабарында айтылғандай, Нинся-Хуэй автономды округында өткен жұмадан бастап мешітке қытайдың мемлекеттік байрағы ілінген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу