Қытай мұнай импортын АҚШ-тан Канадаға ауыстырды

230

Сауда шиеленісінің күшеюіне байланысты Қытай өз мұнай импортындағы басым бағытты өзгертіп, АҚШ-тан келетін мұнай көлемін шамамен 90%-ға қысқартты.  

Қытай мұнай импортын АҚШ-тан Канадаға ауыстырды Фото: РБК

Енді қытайлық мұнай өңдеу зауыттары шикізатты Канададан алуға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл өзгеріске Батыс Канаданың құбырының кеңеюі ықпал етті. Жуырда ғана кеңейтілген бұл құбыр Қытай мен Шығыс Азияның басқа да елдеріне Альберта провинциясындағы бай мұнай құмдарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Vortexa Ltd деректері бойынша, наурыз айында Ванкувер маңындағы құбыр терминалынан Қытайға жөнелтілген мұнай көлемі рекордтық 7,3 миллион баррельге жеткен.

Ал Қытайдың АҚШ-тан импорттаған мұнайы былтырғы маусымдағы 29 миллион баррельден 3 миллион баррельге дейін күрт төмендеген.

Бұл жағдай – АҚШ президентінің жаһандық сауда саясатын қайта қарау әрекеттерінің салдары болып, әлемдік мұнай нарығындағы жаңа экономикалық және геосаяси өзгерістердің көрінісіне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу