Ал көмір өндіру жылдық есепте 1,7%-ға, 2,27 млрд тоннаға дейін қысқарды. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасына сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, маусым айында мұнай өндірудің орташа тәуліктік көлемі 598 мың тоннаға, ал газ — 670 млн текше метрге жетті, бұл ретте алты айда Қытай мұнай өңдеу көлемін 0,4%-ға, 360 млн тоннаға дейін қысқартты.
Статистикаға сәйкес, алты айда ҚХР 275,48 млн тонна мұнай (2,3-ға төмендеу) және 64,65 млн тонна табиғи газ (14,3%-ға ұлғаю) импорттады.
Қытай кеденінің ақпараты бойынша, ҚХР 2023 жылы мұнай импортын 11%-ға (563,99 млн тоннаға дейін), газ импортын 9,9%-ға (119,97 млн тоннаға дейін) ұлғайтты.
Көмір өндірісіне келер болсақ, ресми мәліметтерге сәйкес, маусым айында көрсеткіш 410 млн тоннаны құрап, жылдық мәнде 3,6%-ға өсті. Алайда, мамырмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді.