Қытай мұнайды юаньмен импорттамақ

681

Қытай мұнайды юаньмен импорттамақ

Қытай үкіметі юаньға негізделген мұнай фьючерсін дайындап жатыр. Бұл алтынға да конвертациялануы мүмкін, деп хабарлайды naryk.kz. 

Сарапшылар пікірінше, бұл нарыққа үлкен өзгеріс әкеліп, экспортшылардың доллармен сауда жасауын тоқтатуы мүмкін. Өйткені қазір Қытай әлемдегі ең ірі импорттаушы ел.

Айта кетейік, қазіргі таңда мұнайдың екі маркасы WTI және Brent келісімшарты саудаланады. Оның екеуі де доллармен жүретіні анық.

Юаньның мұнай нарығына кіруі алдымен Ресей мен Иранның осы салада доллардан бас тартуына түрткі болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу