Қытай мұнайды юаньмен саудалай бастады

551

Қытай мұнайды юаньмен саудалай бастады

Бүгін Шанхай халықаралық энергетика биржасында шикі мұнайдың фьючерстік келісімшарттары юаньмен саудаға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл Қытайдың құрлықтық бөлігінде орналасқан биржадағы шетелдік инвесторларға қолжетімді алғашқы фьючерс болды. Саудаға шығарылған 15 фьючерстің базистік бағалары 1 баррель мұнай үшін, жеткізу мерзімдеріне байланысты, 416 юань (65,8 АҚШ доллары), 388 юань және 375 юань етіп белгіленді.

Сессия ашылған соң 20 минут ішінде 14000 транзакция өткізілді.

"Қытай шикі мұнайды импорттайтын алпауыттардың бірі. Мұнай фьючерстерінің юаньмен саудалана басталуы Қытай фьючерс нарығындағы айтулы оқиға болды", - дейді J.P. Morgan-ның Азия-Тынық мұхит өңіріндегі Халықаралық клиринг департаментінің басшысы Дэвид Мартин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу