Ғасырлар бойы Қытай мұрағатында сақталған қазақ хандарының хаты кітап болып басылып, жарыққа шықты, деп хабарлайды 24 Хабар.
Бұл жұмыстарға Бейжің ұлттар университетінің ғалымы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының көпжылдық зерттеулері мұрындық болған.
Қазақ елі үшін құнды топтамада хандар мен сұлтандарға қатысты 67 құжатта көрсетілген жазбалар енгізіліп отыр. Әзірге төте жазумен жарық көрген жинақты қолдаушылар болса, кирилл жазуына аудару да жоспарда бар. Қытай мұрағатынан табылып, жинаққа енгізілген құжаттардың дені Чиң патшалығы тұсында қазақтармен қарым-қатынас орнаған 1757 жылдан бастау алады. Көпшілігі Уәли мен Ханқожа хандарға қатысты. Ал алғашқы хаттар Абылай хан мен Әбілпейіс сұлтаннаң жолданыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу