Қытай-Непал шекарасында жоғалған үш қазақстандық әйел әлі табылмады

314

Қытай-Непал шекарасында табиғи апат кезінде хабарсыз кеткен үш қазақстандық әйелдің тағдыры әзірге белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қытай-Непал шекарасында жоғалған үш қазақстандық әйел әлі табылмады Фото: Анадолы

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен бірлесіп, іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Апат болған аумақта үш азаматшамыз хабарсыз кеткен. Қазіргі уақытта олар туралы жаңа ақпарат жоқ. Дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен байланыста, іздестіру жұмыстарына қатысып жатыр. Сонымен қатар азаматтардың отбасыларымен байланыс орнаттық", – деді Жанболат Үсенов Астанада өткен брифингте.

Ресми өкіл хабарсыз кеткен азаматтардың жеке деректері жарияланбайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу