Қытай орман шаруашылығын дамыту бойынша әлемнің барлық елін басып озды

2731

Қытай  орман шаруашылығын дамыту бойынша әлемнің барлық елін басып озды

2016 жылдың қорытындысы бойынша  Қытайдың орман шаруашылығының жалпы өнім көлемі  алғаш рет  6 трлн юаньнан асып,  ағаш өнімдерінің импорты мен экспорты көлемі  136 млрд АҚШ долларына жетті. Осылайша Қытай  әлемде  ағаш өнімдерін өндіру, саудалау және тұтыну жағынан  алғашқы орынға шықты, деп жазады "Казах-Зерно" сайты.
Бейсенбі күні Қытайда  орман шаруашылығы басқармалары басшыларының жалпы жиналысында 2001-2016 жылдар аралығында Қытайдың орман шаруашылығының жалпы өнімі 16,6 есеге: 409 млрд-тан 6,4 трлн юаньға өскені айтылды. Қытай орман шаруашылығын дамыту қарқыны жағынан әлемнің барлық елін басып озды, деп атап өтті Синьхуа. 
Әсіресе орман туризмінің дамуы ерекше  таң қалдырып отыр. Былтыр Қытайда шамамен 9 мың орман туризміне арналған аймақ болды. Оларға жалпы алғанда 1,2 млрд адам атбасын бұрған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда  15 пайызға жоғары.
2016 жылы бұл елде жаңадан 21  мемлекеттік орман паркі құрылды. Ал мемлекеттік орман шаруашылығы басқармасы   отандық коммерциялық банктермен бірлесіп  орман шаруашылығын дамытуды көздейтін  100 млрд юань  қаржысы бар инвестициялық қор құрды.
Мемлекеттік орман шаруашылығы басқармасының бастығы Чжан Цзяньлунның айтуынша, үстіміздегі жылы елде орман шаруашылығы нарығына енуге шектеу қоюдың тізбесі әзірленіп, ағаш өнімдерін саудалау орталығы құрылады.  2017 жылы  елдің орман шаруашылығының жалпы өнімін 7 трлн юаньға, ал ағаш өнімдерінің импорты мен экспортын 138 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделген.

Анықтама үшін: 1 доллар =  332,56 теңге, 1 юань = 48,31  теңге. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу