Қытай Орта Азияда әскери базалар салу туралы айыптауларға жауап берді

1934

Қытай СІМ-нің ресми өкілі Ван Вэньбин Тәжікстандағы базалардың құрылысы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.  

Қытай Орта Азияда әскери базалар салу туралы айыптауларға жауап берді

Оның айтуынша, Қытайдың Орта Азия елдерінде әскери базалары жоқ. Ал Тәжікстанның Ауған шекарасындағы әскери база құрылысын Пекин қаржыландыратынын мәлімдеді.

"Қытайдың Орта Азияда қандай да бір әскери базасы жоқ екенін сізге сеніммен айта аламын", – деп атап өтті Ван Вэньбинь.

Құрылыс аяқталғаннан кейін база Тәжікстан ІІМ беріледі.

Тәжікстан парламентінің өкілі Reuters агенттігіне Душанбе мен Бейжің Памир тауларында (Таулы Бадахшан автономиялық аймағында, Ауғанстанмен шекарада) Қытайдың база салу туралы келісімге келгенін айтты.

ТАСС басқа БАҚ-тың хабарлауынша, базаның құрылысы 9,4 миллион долларға бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу