"Қытай – Орталық Азия" бағдарламасы бойынша алғашқы жүк пойызы Алматыға жол тартты

319

Ол Қазақстанға 1500 тоннадан астам тұрмыстық жүк әкеле жатыр.

"Қытай – Орталық Азия" бағдарламасы бойынша алғашқы жүк пойызы Алматыға жол тартты Фото: pixabay.com

Жүк пойызы Гуйян қаласының (Гуйчжоу провинциясы) құрлық терминалынан Алматыға бет алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жүк пойызы, атап айтқанда, матрастар, балалар бұйымдары, керамикалық плиткалар әкеле жатыр. Оның жөнелтілуі Гуйян мен Орталық Азия арасындағы тікелей жүк теміржол қатынасының ресми ашылуын білдіреді.

Бүкіл маршрут бойына "автотеміржол-авто" жүк контейнерлерін мультимодальды тасымалдау схемасы қолданылады.

Пойыз бағыты Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекеті арқылы өтеді, маршруттың соңғы нүктесі – Алматы.

Бір бағытта жүруге шамамен 11 күн кетеді. Қайтар жолда пойыз Қазақстаннан Гуйян қаласына 1300 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу