Қытай отбасыларға балалы болғаны үшін субсидия бөле бастады

761

Мамыр айында отбасыларға үш балалы болуға рұқсат етілген еді. 

Қытай отбасыларға балалы болғаны үшін субсидия бөле бастады

Қытайдың батысында орналасқан Ганьсу провинциясындағы Линься округі ерлі-зайыптыларға балалы болғаны үшін ақшалай субсидиялар бере бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.  Ресми дерек бойынша, үшінші сәби дүниеге келген кезде 774 доллар, үш жасқа толғанға дейін жылына 1548 доллар төленеді.

Бір немесе екі баласы бар отбасыларға берілетін субсидия көлемі азырақ. Жергілікті билік оқу ақысын төлеуге және үй сатып алуға қаржылай көмектесуге уәде берді. Мұндай шараларды қабылдауға округтегі тұрақты тұрғындар санының едәуір азаюы себеп болды. Үкімет 2030 жылға қарай жергілікті халықтың санын 9%-ға арттыруды жоспарлап отыр.

Қытайдың басқа өңірлері де демографиялық проблемаларға тап болды. Мысалы, Сычуан провинциясындағы Панжихуа қаласы алғаш болып тұрғындарды бала тууға ақша беру арқылы ынталандыра бастады. 

Сәуір айында Қытай Халық банкі азаматтарды АҚШ-тан қалып қоймау үшін бала санын көбейтуге үндеді. Мамыр айында отбасыларға үш балалы болуға рұқсат етілді. Бұған дейін 1979 жылдан бастап Қытайда "бір отбасы – бір бала" саясаты жүзеге асырылып келген еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу