Қытай өз пайдасы үшін басқа елдердің мүддесіне қысым жасамайды – Ли Чжаньшу

1417

Елордада "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өз жұмысын бастады.

Қытай өз пайдасы үшін басқа елдердің мүддесіне қысым жасамайды – Ли Чжаньшу Фото: 24.kz

Қытай әр елдің егемендігін мойындайды және өз пайдасы үшін көршілес елдерге қысым көрсетпейді. Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу осылай деді.

"Қытайдың дамуы – бұл бейбітшілікке бағытталған жол. Біз бейбітшілікті бағалаймыз, сондықтан барлық елдермен тең және достық қарым-қатынас орнатамыз. Біз қысым жасауға және қудалауға қарсымыз және әр елдің тәуелсіздігін мойындаймыз. Қытайлықтар әділеттілік және адалдықты жақтаушы ретінде өздерінің дамуын басқа елдермен тығыз байланыстырады. Қытай өз пайдасы үшін басқа елдердің мүддесіне қысым жасамайды",– деді Ли Чжаньшу Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия елдері парламенттерінің спикерлерінің отырысында.

"Қытайдың дамуы – бұл ашықтыққа бағытталған жол. Біз ашықтық ұстанымын басшылыққа алып, экономикалық жаһандануға үлесімізді қосып, жабық блоктан бас тартамыз. Айқара ашылған Қытайдың есіктері ешқашан жабылмайды. Қыталық дамудың "пойызы" барлық серіктестерімізге ашық", – деді ол сөзінде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу