Қытай Өзбекстанда ашқан кәсіпорындар саны бойынша Ресейден озып кетті

299

Былтыр Қытай Өзбекстандағы шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың саны бойынша Ресейден алғаш рет озып кетті. 

Қытай Өзбекстанда ашқан кәсіпорындар саны бойынша Ресейден озып кетті Фото: canva.com

Аспан асты елінің қатысуымен ашылған компаниялар саны 43,6%-ға өскен. Ал Ресей, Түркия, Қазақстан, Оңтүстік Корея және АҚШ кәсіпорындарының саны азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстанның статистика агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде шетелдік инвестициялардың қатысуымен 14 871 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Өткен жылы олардың саны 5,8%-ға немесе 818 бірлікке өсті. Оның ішінде 3965-і бірлескен кәсіпорын болса, 10 906-сы шетелдік.

Шетелдік капиталы бар компаниялар саны бойынша Қытай бірінші орынға шықты (3357 компания). Бұл 2023 жылға қарағанда 43,6%-ға артық. Бұл жыл қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындар саны бойынша рекордтық өсім. 

Екінші орында Ресей тұр. Ресейлік капиталы бар компаниялардың саны 3,5%-ға азайды (2937). 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының қысқаруы басқа елдер де көрсетті: Түркия – 1826 кәсіпорын (-3%), Қазақстан – 1041 (-2,2%), Оңтүстік Корея – 644 (-12,5%), АҚШ — 304 (-2,9%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу