banner

Қытай өзінің ішкі істеріне араластырмайтынын мәлімдеді

1061

Бұған дейін сарапшылар ҚХР әлемдік экономикада үстемдікке қол жеткізе алатынын, бірақ айтарлықтай кедергілер бар екенін айтқан еді. 

Қытай өзінің ішкі істеріне араластырмайтынын мәлімдеді

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван И Бейжіңдегі IX жаһандық бейбітшілік форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қытай өзінің ішкі істеріне басқалардың араласуына жол бермейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Бірде-бір елдің біздің ішкі істерімізге араласуына немесе дамуымызға кедергі келтіруіне жол бермейміз", – деді министр. Оның айтуынша, Қытайдың өзі де мұндай әрекетке бармайтынын баса айтты.

Ван И бүгінде Қытай жүз жыл бұрынғыдай емес екенін сөз етті."Қытай халқының мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздікті және елдің мүдделерін қорғауға деген ерік-жігері мойындалуы тиіс", – деп сөзін түйіндеді СІМ басшысы.

Бұған дейін сарапшылар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің әлемдік экономикада үстемдікке қол жеткізе алатынын, бірақ айтарлықтай кедергілер бар екенін айтқан еді. Олар соңғы жылдары Қытайдың экономикалық өсімі баяулағанына, ел халқының қартайғанына, Қытайдың бұдан былай тікелей шетелдік инвестицияларға арқа сүйей алмайтынына назар аударды. Сонымен қатар олар АҚШ-пен арадағы сауда текетіресі де жағдайды шиеленістіріп отырғанын еске салды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу