Қытайда ұлттық криптовалютаның сынақ түріндегі шығарылымы аяқталды. Жобамен Қытайдың халық банкінде 2014 жылы құрылған зерттеу тобы айналысты. Бұл қаржы реттеушісін әлемде алғашқы болып электрондық валюта шығарушы атануға бір қадам жақындата түсті, деп жазады Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған "Российская газета".
Смартфонмен ақы төлеп үйренген адамдар үшін криптовалютаны пайдалану қолданыстағы Alipay немесе WeChat секілді төлем жүйелерінен қатты ерекшеленбейді, деп атап өтеді Bloomberg.
Дегенмен сатушылар үшін бір өзгерістің болары анық. Электронды сауда түріне көшу оларға сатып алушыдан электрондық валютаны тікелей алуына мүмкіндік келеді. Бұл трансакция жүргізу кезіндегі шығындарды азайтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу