Қытай пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді

698

2020 жылы елдің ЖІӨ-і 2,3%-ға өсті.

Қытай пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді

Қытайдың Халық банкі пайыздық мөлшерлемені 3,85% деңгейінде қалдырды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. Қаржы реттеушісі соңғы рет бұл көрсеткішті 2020 жылдың сәуір айында төмендеткен еді.

Бесжылдық несие мөлшерлемесі де 4,65% деңгейінде қалды. 
2020 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 2,3%-ға өсті. Бұл –1976 жылдан бергі ең баяу өсу қарқыны. Ол уақытта ел экономикасы 1,6%-ға қысқарған болатын.

Жалпы, өткен жылдары бұл көрсеткіштің бір жылдағы өсу қарқыны 6%-дан асқан еді. 2017 жылы елдің ЖІӨ-і 6,8%-ға, 2018 жылы 6,6%-ға, ал 2019 жылы 6%-ға көтерілді.

Қытай пандемиядан аса қатты зардап шекпеді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ 6,8%-ға төмендеді. Ал екінші тоқсанда 3,2%-ға, үшінші тоқсанда 4,9%-ға, төртінші тоқсанда 6,5%-ға артты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу