Қытай Палестинаны қолдайды - Си Цзиньпин

733

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин араб елдерін олардың егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауда, сондай-ақ Палестина мәселесі бойынша қолдайтынын мәлімдеді.  

Қытай Палестинаны қолдайды - Си Цзиньпин Фото: s14.stc.yc.kpcdn.net

Бұл мәлімдеме бейсенбіде Al Riyadh газетінде және Қытай СІМ сайтында жарияланған қытай-араб достығы туралы мақаласында көрсетілген, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Қытай араб елдерін өздерінің егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда қолдайды және ешқашан Палестина сияқты мәселелер бойынша араб елдері жағына шығудан бас тартқан емес", — деп атап өтті Си Цзиньпин.

Ол араб елдері де Бейжіңнің негізгі мүдделерін, әсіресе, "Бір қытай" қағидасын қолдайтынын айтты.

Си Цзиньпин 7 желтоқсанда Эр-Риядқа үш күндік сапармен келді, онда ол Сауд монархымен, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің басшыларымен кездеседі және қытай-араб кездесуіне қатысады. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Эр-Риядта ұйымдастырылған іс-шараларға араб елдері мен ұйымдарының 30 көшбасшысы шақырылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу