ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Израиль мен ХАМАС террористік қозғалысы арасындағы соғысты тоқтату үшін ауқымды Бейбітшілік конференциясын ұйымдастыруға шақырды, деп жазады inbusiness.kz cайты.
"Таяу Шығыстың даму үшін әлеуеті өте жоғары, бірақ бітпей кеткен соғыс оны қажытып жіберді", - деді Қытай басшысы Бейжіңде араб елдерінің өкілдері алдында сөйлеген сөзінде. Оның мәлімдемесі Қытай СІМ сайтында жарияланған.
"Соғыс шексіз жалғасуы мүмкін емес, әділетсіздікті тоқтату керек, ал" екі мемлекет туралы шешімді" әркім өз білгенінше шығармауы тиіс", - деп атап өтті Си Цзиньпин.
Оның айтуынша, Қытай "Астанасы Шығыс Иерусалимдегі 1967 жылғы шекара кезіндегі толық егемендігі бар тәуелсіз Палестина Мемлекетінің құрылуын, Палестинаның БҰҰ-ға толық мүше ретінде кіруін қолдайды және кеңірек, беделді және тиімді халықаралық бейбітшілік конференциясын ұйымдастыруға шақырады".
Си Цзиньпиннен кейін сөйлеген сөзінде Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси халықаралық қауымдастыққа Израильдің Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы соғысын тоқтатуға шақырды.
"Мен халықаралық қауымдастықты Газаға ұзақ мерзімді гуманитарлық көмек көрсетуге, Израиль қоршауын және палестиналықтарды өз жерлерін күштеп тастап кетуге мәжбүрлеу әрекеттерін тоқтатуға шақырамын", - деді ас-Сиси.