Қытай пластикті бамбукпен алмастыру процесін жеделдетеді

333

Бұл елде 7,56 млн га аумақта бамбуктың 837 түрі өседі.    

Қытай пластикті бамбукпен алмастыру процесін жеделдетеді Фото: Xinhua

ҚХР-дың даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті пластикті бамбукпен алмастыру процесін жеделдету бойынша үш жылдық жоспарды жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат бойынша, бұл шара 2025 жылға дейін іске асырылуы тиіс.

Қытай бамбук ресурсына бай, бұл өнеркәсіп түрін дамытудың зор әлеуетіне ие. Елде 7,56 млн га аумақта бамбуктың 837 түрі өседі. Оларды өңдейтін 10 мыңнан астам кәсіпорын бар.

ҚХР-дың өнеркәсіпті дамыту жоспарына сәйкес, 2035 жылға қарай осы саладағы өндіріс көлемі 137,23 млрд доллар жетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу