Қытай провинциясынан Қазақстанға алғашқы жүк контейнері аттанды

862

Қытай провинциясынан Қазақстанға алғашқы жүк контейнері аттанды

Қытай провинциясынан Қазақстанға алғашқы жүк контейнерлері аттанды. 1 қазан күні Қытайдың Шаньси провинциясының әкімшілік орталығы Тайюань қаласы мен Қазақстанның Павлодар қаласы арасындағы жүк тасымалы бойынша алғашқы теміржол рейсі іске қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

41 контейнерден тұратын теміржол құрамы Тайюаньнің "Чжундин" логистикалық паркінен аттанды. Павлодарға дейінгі ара-қашықтық — 3705 шақырым. Екі ел қалалары арасындағы жүк тасымалдайтын теміржол рейсі жүктерді жеткізу мерзімін жеті күнге дейін азайтады. Тайюань-Павлодар желісі Шаньси провинциясынан Орталық Азия өңіріне шығатын алғашқы жүк рейсі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу