Ресми Бейжің 30 тамыздан бастап тұрғындардан ПТР-тест нәтижесін талап етпейді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнбин мәлімдеді.
Елге кірген туристер де Covid-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын тестті енді тапсырмайды.
Айта кетерлігі, өткен жылдың желтоқсанында тұрғындар қатаң локдаун шараларына қарсы акция жасады. Олар тұрақты түрде ПТР-тест тапсыруды тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ эпидемияға қарсы шараларды жеңілдетуді сұрады. Содан кейін, Қытай билігі қатаң шаралардан біртіндеп бас тартуда.
15 наурыздан бастап шетелдік азаматтарға визалардың барлық түрін бере бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу