Қытай-Ресей шекарасында әуежай салынады

1388

Қытай-Ресей шекарасында әуежай салынады

Қытайдың Ресеймен шектесетін Хэйлунцзян провинциясында жаңа әуежай пайда болмақшы.

Ол жылына 450 мың жолаушыға қызмет көрсетіп, 3,6 мың тонна жүк өткізетін болады деп жоспарланып отыр. Жаңа әуежайдың салынатындығын Суйфэньхэ қаласының әкімдігі хабарлады.

Жаңа әуежайға апаратын жолдың құрылысы 15 қазанда басталған.

 Еске салайық, биыл маусымда ҚХР Ресейдің Мемлекеттік думасына хат жолдап, екі ел арасындағы виза, тасымалдаушыларға берілетін жеңілдіктер мәселесін оңтайландыруды сұраған болатын.

reactor.inform.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу