Қытай Ресейдің терроризмді демеуші елдердің тізіміне енгізілуіне қарсы

644

Қазіргі уақытта бұл тізімде Иран, Сирия, Куба және Солтүстік Корея тұр.

Қытай Ресейдің терроризмді демеуші елдердің тізіміне енгізілуіне қарсы

АҚШ билігі Ресейді терроризмді демеуші елдердің тізіміне енгізудің орнына Ресей мен Украина арасындағы бейбіт диалогтың орнатылуына атсалысуы керек. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол АҚШ-ты Украинадағы жағдайды саяси жолмен реттеуге әкелетін бейбіт келіссөзді ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды.

АҚШ Ресейді терроризмді демеуші елдердің тізіміне қосуы мүмкін деген болжам Мәскеудің Украинадағы әрекетінен кейін айтыла бастады. 21 шілдеде АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси "егер Блинкин ешқандай шара қабылдамаса, конгресс Ресейді лаңкестікті қолдайтын елдердің тізіміне енгіземін" деп мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта бұл тізімде Иран, Сирия, Куба және Солтүстік Корея тұр.

Табиғат Нұрболат

Фото: cgtn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу