Қытай Ресейге қарсы салынған санкцияларды қолдамайды

1071

Трамптың айтуынша, Ресей ДХР мен ЛХР-дың егемендігін мойындағаннан кейін, Қытай Тайваньды басып алуы мүмкін.  

Қытай Ресейге қарсы салынған санкцияларды қолдамайды

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин Қытай Ресейге қарсы салынған санкцияларды қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қытай үкіметінің ұстанымы: біз санкциялар енгізу мәселені шешудің ең жақсы жолы емес деп санаймыз. Қытай әрқашан кез-келген заңсыз біржақты санкцияларға қарсы болады", – деді Хуа Чуньин.

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп Ресейдің Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындауынан кейін, Қытай Тайваньды басып алуы мүмкін деп мәлімдеді.Оның ойынша, ҚХР билігі Украинадағы дағдарысты іске көшудің белгісі ретінде қарастыруы мүмкін.

Еске сала кетсек, 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Мәскеудің бұл қадамын әлемнің барлық дерлік елдері айыптады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу