Қытай Ресейге ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды

841

Елдің Сыртқы істер министрлігі G7 елдерінің Тайванға қатысты мәлімдемесіне байланысты Еуропа мемлекеттерінің елшілеріне наразылығын білдірді.

Қытай Ресейге ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды

Қытайдың СІМ басшысы Ван И Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавровқа Тайвань төңірегіндегі жағдай аясында ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бейжің Ресей Федерациясымен бірлесе стратегиялық іс-қимылды күшейтуге дайын. Бұл БҰҰ шешуші рөл атқаратын халықаралық жүйені, сондай-ақ Халықаралық құқық нормаларына негізделген тәртіпті бірлесе сақтауға үшін керек", – деді қытайлық дипломат.

Бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Дэн Ли Жапонияның ҚХР-дағы елшісі Таруми Хидеоны G7 елдерінің СІМ басшыларының Тайвань мәселесі бойынша бірлескен мәлімдемесіне байланысты шақырды. Қытайлық ведомство ресми Токио мен G7 елдері Тайванға қатысты қате мәлімдеме жасады деп мәлімдеді.

"Қытай олардың мәлімдемесін айыптайды", – деді ол.

Сонымен қатар Қытайдың Сыртқы істер министрлігі G7 мәлімдемесіне байланысты Еуропа мемлекеттерінің елшілерін шақырып, бұл елдер "Қытайдың ішкі істеріне араласты" деген наразылық нотасын тапсырды.

Табиғат Нұрболат

Фото: РФ Сыртқы істер министрлігі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу