Қытай Ресеймен бірге "Фукусима" суын зерттеуді жоспарлап отыр

470

Владивостоктағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы "Фукусима" атом электр станциясынан мұхитқа төгілген судың құрамын зерттеу үшін бірлескен Ресей-Қытай ғылыми экспедицияларын өткізуі мүмкін. 

Қытай Ресеймен бірге "Фукусима" суын зерттеуді жоспарлап отыр Фото: EADaily

Бұл туралы Владивостоктағы ҚХР Бас консулы Пяо Янфань халықаралық форум аясында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Менің білуімше, шынымен де мұндай ынтымақтастық мүмкіндіктері зерттелуде. < > Мен мұны жоққа шығармаймын", — деді Бас Консул.

Ол Қытай азаматтары да, Үкімет те бұл жағдайға қатысты алаңдаушылық білдіріп жатқанын атап өтті.

Бұл мұхит әлеміне үлкен залал келтіретін жаһандық апат. Біз іс жүзінде Ресеймен бірге жапон тарапының бұл әрекеттерін тоқтатуға күш саламыз. Сонымен бірге, әрине, ғылым тұрғысынан жапондықтардың мұндай әрекеттерінің зиянды ықтимал әсерін зерттеу қажет, < > оған қалай қарсы тұру керектігін ойластыру керек. Мен екі елдің осы мәселеде ойы бір жерден шығатынына сенімдімін", - деді Бас Консул.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу