Өнім толығымен Қытайда құрастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қытайдың CCTV арнасы ұйымдастырған жаңа жыл кешінде роботтардың биші қыздармен тең деңгейде қимыл жасағанын байқау қиын емес.
Телеарна мәліметінше, роботтар билеген қойылымының аты – "BOT". Оған қатысқан роботтар толығымен Қытайда жасалған, сондай-ақ елдің технологиялық компаниялары дайындаған ең озық жасанды интеллект бағдарламаларымен жабдықталған.
Аталған роботтарды Қытайдың "Юшу технология" компаниясы құрастырған. Үлгісі "H1" саналған роботтың биіктігі 180 сантиметр болса, салмағы шамамен – 70 келі. Бұл – Юшу технологиясының 2023 жылдың тамыз айында шығарған алғашқы толық өлшемді адам тәрізді роботы.
Бейнежазбадан байқағанымыздай, H1-де тамаша қозғалысты басқару мүмкіндігі бар, ол орнында оғай бұрылады және төңкереді. Сол сияқты күрделі қозғалыстарды да орындауымен ерекшеленеді. Әртүрлі жағдайда да бұл робот тез тепе-теңдікті сақтап, жүруді жалғастыра береді.