Қытай сайттарында сатылатын киімдерден зиянды заттар анықталды

948

Оңтүстік Корея зиянды заттарды 11 тауар түрінен тапты.

Қытай сайттарында сатылатын киімдерден зиянды заттар анықталды Фото: topfranchise.ru

Қытайдағы Aliexpress, Temu, Shein онлайн платформаларында сатылатын бас киімдер мен жазғы аяқ киімдерде улы заттар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap News Agency сілтеме жасап.

12 шілдеден бастап 9 тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Корея билігі Қытайдың үш маркетплейсінде сатылатын 144 тауар түрін тексерді. Олардың ішінде 94 азық-түлік қаптамасы, 13 косметика, 28 аяқ киім мен бас киім, 9 гигиеналық зат бар.

Зерттеу нәтижесі сандалийдің екі түрінде фталат пластификаторларының қалыпты көрсеткіштен 167,5 және 229,2 есе жоғары екенін көрсетті. Фталат негізіндегі пластификаторлар қатерлі ісік ауруын тудырып, бедеулікке әкелуі мүмкін. Никельдің мөлшері де рұқсат етілген деңгейден 2-9 есе артық екені белгілі болды. Ол дерматитке әкелуі мүмкін екені айтылады.

Үш қалпақта формальдегид мөлшері 2 еседен артық болса, ал қышқылдық көрсеткіші 9,3-ке тең, ал оның ең жоғарғы шегі 9-дан аспауы тиіс.

Екі алюминий банкасында никель үлесі қалыпты деңгейден 2 есе асып түсті. Тырнақ бояуында диоксанның мөлшері де жоғары болған, метанол рұқсат етілген көрсеткіштен 1,4 есе көп.

Сеул билігі қытайлық онлайн платформалардан аталған 11 тауар түрін сатуды доғаруды талап етпек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу