Қытай сарапшысы вакцина жасауға 1 ай кететінін айтты

1027

Ал оны сынақтан өткізіп, мақұлдауға одан да көп уақыт керек.  

Қытай сарапшысы вакцина жасауға 1 ай кететінін айтты

Қытайдың инженерлік академиясының мүшесі Ли Ланьцзюаньнің айтуынша, жаңа коронавирусқа қарсы вакцинананы жасауға кемінде бір ай уақыт керек. Бұл туралы CGTN басылымы хабарлады. Айтуынша, препаратты мақұлдау үшін тағы да бір жарым ай қажет көрінеді.

Бұған дейін Ханчжоу лабораториясында вирус штамы табылған болатын. Ғалымдардың бұл жетістігі енді жаңа вирусқа қарсы дәріні жасауға және зерттеуге көп септігін тигізбек.

2022 жылы өтетін қысқы олимпиаданың келесі айға белгіленген медициналық сынағы елдегі жағдайға байланысты кейінге шегеріліп отыр. Халықаралық шаңғы спорты федерациясының тау шаңғысы бойынша әлем біріншілігі 15 және 16 қаңтарда өтетін болып шешілген еді. Елді жайлаған коронавирустың кесірінен бұл жарыс та кейінге қалдырылды.

British Airways компаниясы болса, құрлықтық Қытайға бағытталған барлық рейстерді тоқтатып тастады.

"Бізден билет сатып алған жолаушылардан кешірім сұраймыз, бірақ біз үшін жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі өте маңызды", – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу