17 тамызда Қытайдың қарулы күштері Сары теңіздің кейбір аудандарында әскери жаттығулар өткізуге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқу-жаттығулар 19 тамызда аяқталады. Нақты координаттары ҚХР-дың теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының сайтында жарияланды. 2 күн бойы кемелердің бұл аймақта жүзуіне тыйым салынады.
Бұған дейін Қытай әскері Оңтүстік Қытай теңізінде төрт күндік жаттығуларды бастады. Оның барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс дағдылары, сондай-ақ кемелердің теңіздегі нысанаға соққы беру дағдылары пысықталады.
Тамыздың басынан бері ҚХР қарулы күштері Тайвань бұғазындағы шиеленістің өршуіне байланысты бірқатар әскери жаттығулар өткізді. Бұған себеп болған 2-3 тамызда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға сапарлай баруы. Осы орайда Қытай әскері арал айналасындағы алты су акваториясында зымыран ұшырды.
Табиғат Нұрболат