Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп хабарлады.
Трамптың айтуынша, оның командасы бұл ұсынысты қабылдап, келіссөздер үстеліне оралмақ. Ол осы мәлімдемені Биарицтегі G7 саммиті кезінде жасады.
Трамптың бұл мәлімдемесінен кейін америкалық қор индекстеріндегі фьючерстердің бағасы сәл көтеріле бастаған. Қорғаныш активі саналатын алтынның бағасы, керісінше, төмендей түсті.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні АҚШ президенті бағасы 250 млрд доллар тұратын қытайлық тауарларға салынған баж салығы 25 %-дан 30 %-ға көтерілетінін, ал 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін 300 млрд доллар тұратын тауарларға салынған салық 15 %-ға жоғарылайтынын жариялады.
Бұған Қытайдың жалпы құны 75 млрд долларлық америкалық импортқа қосымша баж салығын салуы түрткі болып отыр.
Табиғат Нұрболат