Қытай қаржы нарығын реформалау үшін нақты қадам жасауға кірісті. Енді Бейжіңде арнайы қаржы секторлары ашылатын болады, деп хабарлайды Atameken Business.
Қаржы секторлары сауда шиеленісі салдарынан зардап шеккен компанияларға көмектеспек. Себебі Қытайды америкалық қаржы нарығынан бөліп қарастыру мүмкін емес, ал толассыз санкцияның жағымсыз әсерлері болары сөзсіз.
"Қытайдың қор нарығына қарсы жасалған әрекет бірқатар компанияның жұмысына кедергі келтірді. Тіпті, жабылып қалатындары да болуы ықтимал. Дегенмен, жаһандану заманында өзін жабық ұстайтын ел құрылымдық модернизацияның келесі кезеңіне өте алмайтыны түсінікті",– дейді China National Gold Group бас экономисі Ван Же.