Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қытайдың шай экспорты 2,2%-ға ұлғайып, 196,4 мың тоннаға жетті. Тиісті ақпаратты Қытайдың халықаралық ауылшаруашылық ынтымақтастығын ілгерілету қауымдастығы жанындағы шай өнеркәсібі комитеті таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өз кезегінде ҚХР-ға шай импорты 41,5%-ға артып, 24,4 мың тонна болды. Синьхуа агенттігінің дерегінше, құны бойынша ол 10,1%-ға өсті.
Шай өнеркәсібі комитетінің басшысы Вэй Юдің сөзінше, "Белдеу және жол" бастамасына қатысушы елдер алты айда шай саудасы бойынша негізгі серіктестер болған. Қытайдың аталмыш мемлекеттермен өзара тауар айналымы тиісті кезеңде 168,4 мың тоннаға жуықтады. Бірінші жартыжылдықта әріптес елдермен саудадағы экспорттың дені жасыл шай болды, оның үлесіне жалпы жеткізілім көлемінің 92,35%-ы тиесілі.