Қытай шекарасын қайта аша бастады

Аспан асты елі үш жылдық шектеулерден кейін алғаш рет туристер қабылдамақ. 

Қытай шекарасын қайта аша бастады Фото: dzen.ru

Bloomberg дерегіне сүйенсек, Қытай билігі пандемиядан кейін алғаш рет шекарадан өтуге шектеулерді алып тастады. Жаңа талап 8 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осылайша, туристерге енді карантин талаптарын сақтап, бірнеше күн күтудің қажеті жоқ. Дегенмен, COVID-19-ға тест тапсыру міндеті сақталады.

Сонымен бірге Қытай халқы қайтадан халықаралық төлқұжаттар мен туристік визаларды ала алады.

Әйтсе де, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Жапония, Италия, Испания, Канада, Австралия, Германия және Швеция эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қытайдан келген саяхатшыларға қатысты кейбір шектеу шараларын енгізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу