Қытай шекарасындағы автокөлік кептелісінің себебі анықталды

761

Қытай шекарасындағы автокөлік кептелісінің себебі анықталды

ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" өткізу бекетінде автокөліктердің жинақталуының басты себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Автокөліктердің жиналып қалуына 13 қарашадан бастап "Қорғас" (ҚХР) өткізу бекетіндегі инспекциялық-тексеру кешенінің істен шығуы себеп болды. Осыған орай ҚХР кеден органдары әрбір автомашинаны тұтас тексеруден өткізіп жатыр", - деді мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Тараптардың автокөліктерді әркелкі қабылдауынан бейтарап аумақта 80-нен 130-ға дейін автокөлік жиналып қалады. Осыған байланысты ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлері кептелісті жою үшін көлік қабылдауды уақытша тоқтатты. Соңғы аптада "ҚХР-ға экспорт" бағытында күніне орташа 93 автокөлік өткен.

"Қазіргі кезде "Қорғас" өткізу бекетінің аумағында "ҚР-ға импорт" бағытында жүк автокөліктерінің кептелісі жоқ, жүктерді өткізу штаттық режимді жүргізілуде. ҚХР-дан ҚР-ға күніне орта есеппен 70-80 автокөлік құралы өтіп жатыр", - деді комитет баспасөз қызметіндегілер. Бірақ "ҚХР-ға экспорт" бағытында кептеліс байқалуда.

Еске сала кетейік, бұрын бірқатар қазақстандық БАҚ "Қорғас" өткізу бекетінің алдында соңғы күндері 200-ге тарта қазақстандық жүк көліктерінен құралған кептеліс пайда болғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу