Қытайдың орталық провинциясы Хэнаньге Оңтүстік Африкадан ұшақпен 66 керік жеткізілді, деп хабарлайды russian.news.
Жануарлардың жасы әртүрлі. Жасы жағынан ең үлкен керіктің бойы 5,2 метреге жетеді.
Керік тиелген ұшақ алдымен Цзяоцзо қаласында 45 күндей аялдап, сол жерде жануарлардың денсаулығы тексеріледі.
Қытай елі өткен жылы тамызда ОАР-дан 63 керік әкелген еді.
Ал 2015 жылы Хэнаньге шетелден 10 мыңға жуық жануар әкелінді. Олардың арасында керік, зебра, Ресейдің полярлық аюлары, Жапонияның дельфиндері, Қытайда сирек кездесетін басқа да аңдар жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу