Қытай шетелдік компьютерлерден бас тарта бастады

730

50 миллион компьютер жаңартылады.

Қытай шетелдік компьютерлерден бас тарта бастады

Қытай билігі орталық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік корпорацияларға екі жыл ішінде шетелдік компьютерлерді қытайлық операциялық жүйемен жұмыс істейтін отандық компьтерлерге алмастыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл талап бойынша, шамамен 50 миллион компьютер жаңартылады. Кейін үкімет өңірлік мемлекеттік мекемелерге де осындай талап қоймақ. 

Агенттіктің мәліметінше, Қытай осылайша елдің АҚШ сияқты геосаяси қарсыластарға тәуелділігін азайтуды көздеп отыр. Қытай билігінің бұл шаралары Вашингтонның жаңа санкцияларына төтеп беруге бағытталған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу