Қытай шикі мұнайға юань фьючерстерін шығаруда

829

Қытай шикі мұнайға юань фьючерстерін шығаруда

Қытай шикі мұнайға юань фьючерстерін шығаруда, деп хабарлайды КазТаг шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.
Қытай 26 наурызда шикі мұнайға фьючерстерді шығарады. Қытайлық сарапшылардың пайымынша бұл әлемдік мұнай фьючерстері нарығына әсер етуі мүмкін.

Фьючерстер 1 мың баррель көлемінде сатылатын болады, ал келісім қытайлық юаньмен жасалады. 
АҚШ-тың энергетикалық ақпараттар басқармасының мәліметі бойынша, 5 ақпандағы жағдайға сәйкес 2017  жылы Қытай АҚШ-ты басып озып, әлемде шикі мұнайдың №1 импорттаушысына айналды. 
"Қытай 2017  күніне 8,4 млн баррельді импорттаса, АҚШ 7,9 млн импорттаған", - деп атап өтілген баяндамада. 
Сарапшылардың болжамы бойынша, ҚХР-ның мұнай импортына тәуелділігі  2017 жылғы 67%-тен жақын арада 80%-ке  дейін артады. 
Бұл Қытайдың бағалы қағаздарды реттеу комиссиясының Шанхай халықаралық энергетикалық биржасында осындай фьючерстерді іске қосу бойынша алғашқы әрекеті емес. 1990-жылдардың басында құрылған Мұнай биржасы  нарықтық факторлардың әсерінен жабылып қалған болатын. Қытайдың шикі мұнайға сұранысы бұл ұлтқа мұнайға арналған фьючерстер нарығын құруға мүмкіндік береді. Алайда ол үшін уақыт және күш керек.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу