Қытай Швейцарияны Украина дағдарысын шешуге қосылуға шақырды

1179

ҚХР СІМ басшысының айтуынша, Батыстың Ресейге қарсы салған санкциялары халықаралық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.

Қытай Швейцарияны Украина дағдарысын шешуге қосылуға шақырды

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И швейцариялық әріптесі Иньяцио Кассиспен телефон арқылы сөйлесу барысында Украина шиеленісін бірлесе реттеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қытай мен Швейцарияның Украинадағы жағдайға қатысты позициясы бірдей. Сондықтан біз тезірек атысты тоқтатып, гуманитарлық дағдарыстың алдын алуымыз керек", – деді Ван И.

Оның айтуынша, Батыстың Ресейге қарсы салған санкциялары халықаралық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.

"Швейцария маңызды рөл атқарады деп үміттенеміз, біз келіссөздерге, Швейцария тарапымен мәселелерді талқылауға дайынбыз", – деді ведомство басшысы.

Қытай дипломаты Бейжіңнің Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келіссөздердің жемісті болуы үшін қолдан келгенді жасайтынын айтты.

"Біз өз әдістерімізді қолдана отырып әрекет етеміз", – деп басып айтты Қытай СІМ басшысы.

Табиғат Нұрболат

Фото: cgtn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу