Қытай ШЫҰ елдерімен әскери ынтымақтастықты күшейтеді

408

Қытай қауіпсіздік саласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға және Иран мен Беларусьпен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. 

Қытай ШЫҰ елдерімен әскери ынтымақтастықты күшейтеді Фото: РБК

Бұл туралы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XI Мәскеу конференциясында сөйлеген сөзінде ҚХР Қорғаныс министрі Ли Шанфу мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз ШЫҰ аясындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тетігін нығайтуды, ұйымның жаңа мүшесі — Иранмен, сондай-ақ жақын арада ШЫҰ-ға мүше болатын Беларусьпен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтуды жалғастырамыз", - деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚХР Қорғаныс министрі Ли Шанфу Ресейге жол тартып, онда ол Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XI Мәскеу конференциясына қатысты.

16-19 тамыз аралығында ол Беларуське іс-сапармен барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу