Қытай СІМ Тәжікстанда әскери базаның құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

523

Қытай Тәжікстан аумағында өзінің әскери базасын салу туралы хабарламаларды жоққа шығарды.  

Қытай СІМ Тәжікстанда әскери базаның құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото: НСН

Тиісті мәлімдемемен ҚХР СІМ ресми өкілі Лин Цзянь сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін The Daily Telegraph газеті Қытайдың Тәжікстанда Ауғанстан шекарасына жақын жерде әскери база тұрғызып жатқандығы туралы хабарлаған болатын.

Лин Цзянь атап өткендей, Бейжіңнің "Орталық Азияда әскери базалары жоқ".

"Мен Қытай әрқашан тәуелсіз бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін тағы бір мәрте растаймын", — деді дипломат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу