Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарайды

1393

Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарайды

Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шаxрат Нұрышев Астанада баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жайында сөйлеген Елші алдағы уақытта өтетін Ақжарқын Тұрлыбайдың кезекті соты жайлы тоқталды.

Шахрат Нұрышевтің айтуына қарағанда бұған дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасын қытай түрмесінде өткізетін болған Ақжарқынның ісіне елшілік тарапы араласып, қайта қарауға мүмкіндік алған.

Оның айтуына қарағанда, ертең, яғни 2-қарашаның күні АқжарқынТұрлыбай ісі бойынша кезекті рет сот отырысы өтеді. Оған Қазақстандағы және қытайдағы адвокаттары да қатысатын болады.

"Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша бір рет сот шешімінің шыққанын жақсы білеміз. Сол кезде оны өмір бойы бас бостандығынан айырып, жазасын қытай түрмесінде өтеу шешімі шығарылған болатын. Бірақ сыртқы істер министрлігі, бас прокуратура және елшіліктің атсалысуынаң арқасында біз сол сот шешімін қайта қарауға қол жеткіздік. Тура сондай қылмыс үшін жақында ғана біздің көршілес бір мемлекеттің азаматын өлім жазасына кескен болатын. Ол кісі атылып кетті... Сондықтан біз өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді салып, біздің әрбір азаматымыз үшін, оның тағдыры үшін, өмірі үшін күшімізді аямай, еңбектеніп, оларды Қазақстанға қайтаруға бар күшімізді салудамыз", - дейді Шахрат.Нұрышев.

Естеріңізде болса, 20 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында 2014 жылдың наурызында есірткі заттарын тасымалдады деген айыппен ұсталған болатын. Ол есірткіні Алматыдағы түнгі клубта танысқандар салып жібергенін алға тартқан. 2016 жылы 15 маусымда Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыру шешімін шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу