Қытай су асты соғысына дайындалып жатыр

157

Бұл туралы "Рейтерc" агенттігі хабарлады.  

Қытай су асты соғысына дайындалып жатыр Фото: AP

Қытай АҚШ-пен су асты соғысына дайындалып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.  

Ол үшін Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхитына мониторинг жүргізіп, картография бағдарламасын бастады. Ауқымды бағдарламаға ондаған ғылыми-зерттеу кемелері қатысады.

Зерттеулер балық шаруашылығы, тау-кен аудандарын барлау сынды азаматтық мақсаттарды ғана емес, сондай-ақ әскери міндеттерді де көздейді.

Сарапшылар: "Мониторинг нәтижесінде алынған деректер АҚШ және оның одақтастарымен соғыс бола қалған жағдайда маңызды рөл атқарады", – деп пайымдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу